Ал, ЭКСПО ауданында элиталы пәтерлер 3 пайыздық ипотекамен сатылмақшы. «Бәйтерек» холдингіне тиесілі баспана былтыр да сатылымға шыққан. Бірақ, бар-жоғы 147 пәтер өтті. Өйткені, шаршы метрі 400 мың теңгеден болатын. Енді дайын пәтерлерді іске жарату ушін, холдинг банктерді тартып, несиеге беруді шешкен. Бұл туралы Индустрия және инфроқұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Үскенбаев айтты. Сатылым ақпан айына жоспарланған. Оған ілігу үшін, компанияның ресми сайты арқылы алдын-ала өтініш білдіру керек.
Қайырбек ҮСКЕНБАЕВ, ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРОҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Компания: «шамамен 20 пайыз бастапқы жарна төлесе, 12 жылға 3 пайызбен береміз» - деп отыр. Яғни, талаптарын «7-20-25» бағдарламасына икемдеп жасаған. Егер, жүзеге асса, Қазақстанның барлық банкі мен салымшылар бұған қатыса алады. Әзірге жоспар сондай.
Ал, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» қазір бір миллион екі жүз адам пәтер кезегінде тұр. Былтыр банк 38250 адамға несие берген. Оның төрттен бірі «Нұрлы жер»-ге тиесілі. Банк басшылығы жалақысы төмен азаматтарға пәтерді кедергісіз рәсімдеу үшін басындағы өзге несиелерді жабуға кеңес берді.
Ляззат ИБРАГИМОВА, «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:
Түрлі ипотекалық бағдарламаларға қатысу үшін алдымен басқа қарыздарын жабу керек. Себебі, несие аларда сіздің отбасыңыздың орташа табысы есептеледі. Ол отбасының әр мүшесіне бөлінеді. Содан кейін алған несиеңізді жаба алу мүмкіндігіңізді қарастырамыз. Норматив бойынша ипотеканы төлеген күнде де отбасыңызды асырау үшін табысыңыздың 50 пайызы өзіңізде қалу керек.
А. Сейфулла