Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырауда да қызылша өршіп тұр

AstanaTV
17.01.2019ж. 20:00
2248
Атырауда да қызылша өршіп тұр

Ал, Атырауда қызылшаға шалдыққандар дер кезінде екпе алмаған. Осылай деген дәрігерлер дерттің бетін қайтарудың жалғыз жолы вакцина екенін тұрғындарға түсіндірумен әлек. Жыл басынан бері №2 облыстық ауруханаға 41 адам сырқаттанып түскен. Оның 4-і жан сақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Қазір 21 науқас ем алып жатыр. Ақ халаттылардың айтуынша, екпе алмағандардың дені діни наным-сенімге бой алдырғадар және екпені кейінге шегерген нәрестелер дейді. Түрлі себеппен вакцинадан бас тарқан 400 сәбидің 190-ына бүгінгі күні екпе салынған.  

Жұмақыз МОЛДАШЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Келгенде қатты келдік. 40 температураменен. Қазір жаман емеспіз. Екпені алынбағанның кесірінен. Сондықтан, барлық ата-аналарға екпені уақытында алуларыңызды сұраймын.

Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Атырау облысында қызылша ауруы бойынша жағдай тұрақты. Қазір арнайы штаб құрылып, екпе алмаған сәбилермен жұмыс жүріп жатыр. Өйткені, бұл аурумен тек екпе алмағандар ғана ауырады.

Б. Нәдірқызы