Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шығыста тұрақтандыру қоры көкеніс бағасын 10 теңгеге түсірмек

AstanaTV
17.01.2019ж. 20:00
2375
Шығыста тұрақтандыру қоры көкеніс бағасын 10 теңгеге түсірмек

Шығыс Қазақстан облысында көкеніс бағасы орта есеппен 10 теңгеге арзандамақ. Бұл туралы «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өкілдері айтты. Бұған азық-түліктің қоймада жатып қалуы және базар бағасымен бәсекеге түсе алмауы себеп болып отыр. Бүгінде Шығыстағы тұрақтандыру қорында құны 400 млн теңгеден асатын 7 жарым мың тонна көкөніс бар. Қоймада пияз, картоп, сәбіз бен қырыққабат та көп. Оларды Өскемен мен Семейдегі 80-ге жуық сауда нүктесі келісін 65 теңгеден саудалауда. Атқамінерлер алдағы апта баға тағы да төмендейді отыр. Ал, сатушылар әлеуметтік базардан азық алатындар саны биыл азайып кеткенін айтты. Мәселен, былтыр дәл осы уақытта күніне жарты тонна азық сатылса, биыл бағаның қымбаттауы кері әсер еткенге ұқсайды.   

Роза АБДРАСУЛИНА, ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ САТУШЫСЫ: 

3 жылдан бері сатамын. Біздегі картоп, қырыққабат пен сәбіздің сапасы өте жақсы. Сондықтан, өзім де үйге осы жерден алам. Арзан кезде адам қарасы көбейді. Көбіне, зейнеткерлер келеді.

Кәсіпкерлер қордағы тауарларға халықтың қызығушылығын қайта ояту үшін көтерме бағаны 65 теңгеден 45 теңгеге төмендетуді сұрайды. Сонда азық қоймада текке жатпайды деп есептейді. «Ертіс» кооперативі мұны қолдап отыр.  

Думан РАХМЕТҚАЛИЕВ, «ЕРТІС» ӘКК ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Өтінішті комиссия қарап, тауардың 4 түрінің тек 3-уін ғана төмендететін болдық. Олар пияз, сәбіз және картоп. Төмендетілген бағасы 50 теңгеден болады. Жеткізу құнымен 55 теңгеге айналады. Қазір бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр, келесі аптада толық бітіреміз.

Д. Әлімқұл