$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясы «Дипломмен ауылға» бағдарламасындағы мамандықтардың тізімін кеңейтуге ұсыныс жасады

AstanaTV
17.01.2019ж. 20:00
2274
«Нұр Отан» партиясы «Дипломмен ауылға» бағдарламасындағы мамандықтардың тізімін кеңейтуге ұсыныс жасады

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесі «Дипломмен ауылға» бағдарламасында мамандықтар тізімін көбейтуді ұсынды. «Бұл жаңа заманның талабына сай қажетті кадрлардың ауылда қызмет етуіне өз септігін тигізеді» - дейді кеңес мүшелері. Сонымен қатар, жиын барысында «Ауыл ел бесігі» атты арнайы жобаның маңызды тұстары талқыланды. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы да ауылда тиімді еңбек идеологиясын қалыптастыруды көздейді. Ал, ауылдағы жұмысшылардың жағдайын жақсарту үшін, алдағы уақытта қаржылай қолдау көзделіп отыр.  

Арман ЕВНИЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Ауыл шаруашылық саласын дамыту үшін білікті әрі заманауи техникалармен жұмыс жасай алатын мамандар керек. Олар ауылда тұрып, өмір сүруі үшін жағдай жасау қажет. Сондықтан, осы арнайы жобаның миссиясын біз адами капиталға арнап отырмыз.  

Ә. Өмірзақ