Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Былтыр 11 айда жеке тұлғалар елімізден шетелдерге 7 млрдтай доллар аударған

AstanaTV
18.01.2019ж. 20:00
2748
Былтыр 11 айда жеке тұлғалар елімізден шетелдерге 7 млрдтай доллар аударған

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 11 айында жеке тұлғалар шетелдерге 7 млрдтай доллар аударған. Ал, келіп түсетіні 2 млрдқа да жетпейді. Сыртқы жіберілетін ақша негізінен елімізде жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарының аударымдары. Капиталдың көп бөлігі дәлірек айтсақ, 61,3 проценті Ресейге, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Швейцария және Қытайға жіберіледі. Егер, Швейцарияға ақша жіберушілердің 80 проценті өздерінің есеп-шоттарына аударса, Өзбекстанға керісінше, қайтарымсыз төлемдер жасалады.  

Деян КЕСЕРОВИЧ, МИГРАНТТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:  

Қазір Қазақстанда 2 миллионнан астам еңбек мигранттары жұмыс істейді. Олардың бір миллионы бұл елде заңды түрде еңбек етіп жатса, тағы бір миллионы мұнда заңсыз жұмыс істейді.

Еліміздегі еңбек мигранттары, олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы материалды ертең, сенбіде «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар.  

Г. Тасболатқызы