Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Теміржолшылар арасында жаңа байқау жарияланды

AstanaTV
18.01.2019ж. 20:00
3060
Теміржолшылар арасында жаңа байқау жарияланды

Теміржолшылар арасында жаңа байқау жарияланды. Ол «ҚТЖ-ның 100 жас тұлғасы» жобасы. Байқау жеңімпаздары шетелде тәжірибе жинаудан бастап, қызметте де өсе алады. Бұл туралы ұлттық компанияда өткен брифингте мәлім болды. Жобаны өткізу бастамасын «Қазақстан темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев ұсынған. Ол «Жастар жылына» орай ұйымдастырылады. Жоба бірнеше байқаудан тұрады. «ҚТЖ көшбасшысы», «Үнемді өндіріс жобасы», «Цирфлы ҚТЖ» секілді сайыс үздіктері «100 жас тұлға» жеңімпазы атанады.  

Серік ӘБДЕНОВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Осы байқауларды жеңіп алған азаматтарға МBA бағдарламасына, сонымен қатар, халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасына, «Worldskills hi-tech» деген еуразиялық чемпионатқа не болмаса қызметтік баспалдақпен өсуге мүмкіндік беріледі.

Ұлттық компанияда 137 мың маман жұмыс істейді. Оның 40 пайызын жастар құрайды. Ал, оларды ынталандыру үшін бірқатар байқау өткізіліп, әлеуметтік қолдау жасалады.  

Серік ӘБДЕНОВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Кішігірім станцияларға ынталандыру үшін мысалы, жалақысын 20 пайыз жалақы төлейміз. Жастар қаладан сондай станцияларға баратын болса, тиісті көмек көрсетіледі. 20-25 МРП ғой деймін.

Г. Меңдеева