Негізгі / Жаңалықтар / Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысы бар браконьерлер ұсталды

Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысы бар браконьерлер ұсталды

Қарағанды облысында инспекторды өлтірген күдіктілер құрықталды. Ерлан Нұрғалиевтың өліміне қатысы бар үш браконьер арнайы операция кезінде Қызылордада ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Қазір күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Алмас СӘДУБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

«Охотзоопром» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының инспекторы Ерлан Нұрғалиевті қызметтік міндетін атқару кезінде өлтірген үш күдікті ұсталды. Олар Қызылорда қаласындағы жеке үйлердің бірінде бой тасалаған. Қазіргі уақытта айғақтарды жинауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салайық, инспекторлар 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында бес киікті заңсыз атқан браконьерлерді анықтайды. Тіркеу нөмірі жоқ автокөлікті тексеру кезінде аңшылар «Охотзоопром» инспекторларына оқ атып, қарсылық көрсеткен. Қақтығыстан ауыр жарақаттанған қорықшының бірі қаза тапты.  

А. Бектас