Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Зимбабве Президентін қабылдады

AstanaTV
21.01.2019ж. 20:00
2023
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Зимбабве Президентін қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагваны қабылдады. Бұл африкалық мемлекет басшысының Астанаға алғашқы ресми сапары.  

Зимбабве Прездиенті мемлекеттік ту іспетті түрлі-түсті бөкебай тағып келіпті. Жанында жеті адамдық делегациясы бар. Ақорда мәртебелі меймандарды барлық сән-салтанымен қарсы алды. Қос мемлекет арасында сауда-саттық жоқтың қасы. Қазақстан бұл елден тек аз көлемде темекі импорттайды. Халық саны бізбен шамалас ел табиғаты ресурсқа бай. Бірақ, ұқсата алмай отыр.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Зимбабве, как и Казахстан, очень богат своими недрами, различными ископаемыми. Там, как и в нашей стране, есть 50 элементов таблицы Менделеева. Схожи и в сельском хозяйстве, где надо развивать переработку, поднимать добавочную стоимость.

Мнангагва Қазақстанға Ресей, Беларусь және Әзірбайжан елдері арқылы келді. Зимбабвеге инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Елдің хәлі мүшкіл. Халықтың 80-90 пайызы жұмыссыз. 20 жылдан бері санкциядан көш ашпаған. Екі жыл бұрын елді 30 жыл басқарған Роберт Мугабе әскери төңкеріс арқылы «тақтан тайдырылды». Ал, күні бұрын жанармай бағасы қымбаттап, халық ереуілге шыққан. Сондықтан, Давосқа баруы тиіс Президент кері қайтқалы жатыр. Ол мұны әлеуметтік желіде хабарлады. Мнангагва белсенді «Твиттер» қолданушысы.  

Эммерсон МНАНГАГВА, ЗИМБАБВЕ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Осы елдің Президенті болған соң, АҚШ пен Еуропа одағы салған санкциялардан қалай да еңісемізді көтеру үшін сыртқы саясатта басқа қадамдарға баруды жөн санадым. Ресурстарды пайдаланып, индустриализацияға ден қою керек деп санаймыз. Бұл тұрғыда Қазақстан экономкасы үлгі.

М. Дюсекина