$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында шенеунікке оқ атқандардың ісі сотта қарала бастады

AstanaTV
22.01.2019ж. 20:00
2729
Түркістан облысында шенеунікке оқ атқандардың ісі сотта қарала бастады

Түркістан облысы Төле би ауданы әкімінің орынбасары тапсырыспен атылған. Бұл дерек бүгін аудан орталығында басталған сот процесінде белгілі болды. Аталған қылмыс бойынша төрт адам айыпталып отыр. Екеуі ұйымдастырушы ретінде, өзгесі орындаушылық қызметі үшін заң алдында жауап беруде. Сотта енді бірі оларды жалдаған азамат екені белгілі болды. Прокурордың айыптау қорытындысына сүйенсек, аталған қылмысқа басараздық себеп. Дау ақшаға қатысты туындаған. Бірақ, сотта оның сомасы айтылмады. 

Алмас САҒЫНДЫҚОВ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ: 

Бейсебаева Рабиға есімді азаматшаға бас араздығы барын, сол себепті тек кек алу мақсатында күш қолданып, қастандық жасауды тапсырған. Сонымен қатар, осы тапсырманы орындағаннан кейін қызметі үшін 1 млн 300 мың теңге қаржылай ақшаны қолма-қол беретінін айтқан.

Ал, қорғаушының бірі қылмысқа шенеуніктің ірі мөлшерде қарызын қайтармауы себеп болғанын алға тартты. Тіпті, оны растайтын бірнеше адамды куә ретінде сотқа шақыртуды талап етті. Еске салайық, жәбірленуші Төле би ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваға былтыр 23- ші қазанда түскі асқа үйіне барған кезде әлдекімдер тас лақтырып, оқ атқан. Травматикалық тапаншадан шыққан оқтан 53 жастағы шенеунік басынан жеңіл жараланып, ауруханаға түсті.

А. Төребекқызы