$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Отандық мұнай өңдеу зауыттары бензин өндіру көлемін азайтты

AstanaTV
22.01.2019ж. 20:00
3243
Отандық мұнай өңдеу зауыттары бензин өндіру көлемін азайтты

Отандық мұнай өңдеу зауыттары бензин өндіру көлемін азайтты. Себебі, нарықта жанармай шамадан тыс көп. Бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген Энергетика министрі осылай деді. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Алматыдағы жанармайдың арзандауына да осы себеп болған. Қазір бензин бағасын нарықтың өзі реттеп отыр. АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 146 теңгеден басталып тұр. Сұйық отын құнының түсуі батыс өңірінде де байқалады. Ал, бұған дейін барлық жанармай құю бекеттерінде оның бір литрі 156 теңге болатын.   

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: 

Қазақстанда жанармай профициті байқалып отыр. Қазірдің өзінде Шымкенттегі Мұнай өңдеу зауытында барлық резервуарлар толып кеткен. Жанармай артылып, сатылмай жатыр. Сондықтан зауыттардағы өндіріс көлемін азайттық. Ал, жанармай бағасын біз реттемейміз, нарықтың өзі белгілейді. Литрі 150 теңгенің айналасында болады деп ойлаймын.

Д. Қайыртай