$494.87 €520.65 ₽4.91
×

А.Перуашев ел атауын өзгертуді ұсынды

AstanaTV
23.01.2019ж. 20:00
2290
А.Перуашев ел атауын өзгертуді ұсынды

Қараны - қара, ақты - ақ, қазақты - қазақ деп атауымыз керек. Депутат Азат Перуашев Мемлекетімізді Қазақ Республикасы деп атауды ұсынды. Мәжілісмен осы орайда Үкімет басшысына арнайы сауал жолдады. Онда 1920 жылы Мәскеуде Ахмет Байтұрсын, Әлихан Бөкейхан және басқа да қазақ делегациясының 12 мүшесі тікелей қатысқан жиында Қазақ Автономды Кеңестік Республикасы құрылғаны айтылады. Перуашев келесі жылы болашақ Тәуелсіз Қазақстанның іргетасына айналған КСРО құрамындағы Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толады,- дейді.  

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АҚ ЖОЛ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  

Қазақстан атаумен қатар ресми түрде қолданылуы үшін Қазақ Республикасы атауын қайта енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Негізінде, мұндай бастаманы 5 жыл бұрын, «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасын талқылау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ұсынған болатын. Қараны - қара, ақты - ақ, қазақты - қазақ деп атауымыз керек.

М. Дюсекина