$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Қазақстан биыл 600 мың тоннаға дейін жанармай экспорттайды

AstanaTV
23.01.2019ж. 20:00
2751
Қазақстан биыл 600 мың тоннаға дейін жанармай экспорттайды

Қазақстан биыл 600 мың тоннаға дейін бензин экспорттайды. Бүгін Мәжілісте Еуразиялық Экономикалық Одақпен арадағы экспорт жөнінде келісім ратификафияланды. Бұл бізге Одақтан тыс елдерге бензин сатуға мүмкіндік береді. Соңғы 6 жылдан бері экспорттауға мұрша болмаған. Отандық зауыттар ішкі сұранысты та жабуға қауқарсыз еді. Күрделі жөндеу аяқталған соң, АИ-92 маркалы бензин қазір - профицит. Жаңа экспорттық бағыттар қаралып жатыр. Мәселен, Шымкент зауытынан өнім Орта Азия мен Ауғанстанға сатылуы мүмкін дейді Бозымбаев. Отандық өнім бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Өйткені, 2025 жылы Экономкалық одақ аясында Ортақ Энергетика нарығы болады деп күтіледі.  

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: 

Бүгінгі таңда бензин өндірісі ішкі тұтынуды толық қамтамасыз етіп, экспорт бастауға мүмкіндік береді. Ратификация аяқталып, Ведомствоаралық хаттамаға қол қойылғаннан кейін Қазақстан Еуразиялық одақтан тыс елдерге бензин экспортын ашады.

Экспорт ашылса, экспорттық кедендік баж есебінен республикалық бюджетке оң әсер етеді. Бұдан басқа, қазақстандық мұнай өндіруші компаниялардың табысы артады.  

М. Дюсекина