$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тау-кен компаниялары үстеме табыс салығынан босатылуы мүмкін

AstanaTV
07.11.2017ж. 20:00
2930
Тау-кен компаниялары үстеме табыс салығынан босатылуы мүмкін

Тау-кен компаниялары үстеме табыс салығынан босатылуы мүмкін. Бұл туралы Сенат комитетінде жаңа салық кодексін таныстырған ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов мәлімдеді. Оның айтуынша, инвестор үстеме пайдаға салық салынатынын көрсе, құятын қаржысын шектейді. Алайда сұйық көмірсутек бағытында үстеме табысқа салынатын салық сол күйі қалады,-деп атап өтті министрдің бірінші орынбасары.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары: 

Әлемдік тәжірибені ескере отырып, тау-кен саласындағы үстеме табыс салығын алып тастап, ол салмақты көмір экспортының рента салығына аударуды ұсынамыз. Әлемдік тәжірибеде тау-кен саласы үшін мұндай салық қарастырылмаған. Негізінен салықты көмір өндіруші компаниялар төлеп келді. Қазір де үстеме табысқа салынатын салықты тек көмір өндірушілер төлейді. Сондықтан оны алып тастап, рент салыққа ауыстыруды ұсынып отырмыз. 

Қаралып жатқан жаңа салық кодексінде интернетте саудасын қыздырғандарға да жағымды жаңалық бар. Whatsapp. Instagram желілерінде саудамен айналысатындар корпоративті табыс салығы мен жеке табыс салығынан босатылмақ. Бұл жеңілдік электронды сауданы дамытып, оны заңдастыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ұлттық экономика вице-министрі.