Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Маңғыстаулық мұнай компаниялары 30 млрд теңгеге экологиялық заңды бұзды

AstanaTV
23.01.2019ж. 20:00
5071
Маңғыстаулық мұнай компаниялары 30 млрд теңгеге экологиялық заңды бұзды

Маңғыстаулық мұнай компаниялары экологияға келтірген зияны 30 млрд теңгеге бағаланды. Бұл туралы өңір әкімдігі хабарлады. Шенеуніктердің ақпарынша, 500 мың тонннаға жуық қалдық жиналып қалған. Оның тең жартысы тіпті кеңес дәуірінен қалып қойған. Осы үшін өндірістік мекемелері жыл сайын айыппұл төлейді. Әкімдіктің мәліметінше, былтырдың өзінде 90 экологиялық заңбұзушылық фактілері анықталған. 30 млрд теңгеге 142 әкімшілік іс қозғалыпты. Әзірге, оның 60 миллионнан астамы өтелген. Қалған сома сот шешімінен соң төленеді деп отыр шенділер.  

Руслан ТӨКЕНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:  

Жер қойнауын пайдаланушыларына қойылған негізгі талап ол - мұнай қалдықтарынан толғымен тазарту. Сонау Кеңес Одағынан жиналып қалған қоқыстар да бар. Бұл мәселе бір күнде шешілмейді. Ол компанияларда ескі технологияларды пайдаланғандықтан, қалдықтар көбейе береді. Сондықтан оларға заманауи технологияларға көшкен жөн.

Ал, «МаңғыстауМұнайГаз» компаниясы заманауи технологияның қолжетімсіздігін айтады. Оның құны қымбат көрінеді. Сондықтан олар үшін қалдықты өртей салу қарапайым да шығынсыз әдіс. 

Жанат ЕКІБАЕВА, «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ ПАРНИКТІК ГАЗДАР МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Өкінішке орай, аймақта өңдеумен айналысатын компаниялар аз. Технологиялар да жетіспейді. Өңдірістерде жаңа технологияларды сынақтан көп өткіземіз. Әзірге біздің жұмысымызды жылдамдататын жақсы технологияны кездестірмедік. Негізінен өткен ғасырдан қалған қалдықтарымыз үшін био немесе өртеу әдісі қолайлы емес. Біз өртеу әдісінен алыстағымыз келді. Бірақ, әзірге басқа технологияны таппадық.

Д. Сапарқызы