Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Еуразиялық банк «Астана» банкінің 275 мың салымшысының ақшасын қайтаруға дайындалып жатыр

AstanaTV
23.01.2019ж. 20:00
3545
Еуразиялық банк «Астана» банкінің 275 мың салымшысының ақшасын қайтаруға дайындалып жатыр

Агент банк «Астана» банкінің салымшыларына депозиттегі қаражаттарын қайтару үшін сақадай сай. Банкке 275 мың адам ақша салған. Жиналған сомма 37,5 миллиард теңгені құрап отыр. Агент-банк - Еуразиялық банк басшысының мәліметінше, бұл Қазақстандағы ең үлкен көлемдегі төлем. Сондықтан қаржы ұйымының басқарма төрағасы Павел Логинов арнайы брифинг өткізді. Салымшылар ақшасы 26-шы қаңтарда, осы сенбіде беріле бастайды.  

Павел ЛОГИНОВ, «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Бұл - Қазақстандағы ең үлкен төлем. Сол себепті біз халықтың жаппай ағылуына барынша дайындалдық. Біздегі қызметкерлер 7 жұмыс күні бойы салымшылар үшін қызмет көрсетеді. Полиция, жедел жәрдеммен де келісімге келдік, қандай да бір жағдайға дайын болу үшін. Қаңтардың 26-нан шілденің 26-на дейін 6 ай бойы өтінім қабылданады. Ұлттық банктің арнайы шотында 40 миллиард теңге резервке қойылғандықтан, банк барлық азаматтың қаржысын толықтай қайтара алатынын айтқым келеді. Бастысы өз қалаңыздағы агент банкке келіп, өтініш жазсаңыз болғаны.

Айта кетейік, «Астана» банкі өткен жылдың аяғында сотпен мәжбүрлеп таратылды. Енді депозиттерге кепілдік беру қоры салымшылар қаржысын қайтаруды агент банкке жүктеп отыр. Ал, кепілдік берілген қаражат мөлшері 10 миллион теңгені құраса, шетелдік валютада 5 миллион теңгені құрайды. Жиған ақшаңыз одан көп болса, ликвидациялық комиссияға өтініш жазуға болады.  

О. Нұржақып