Астанада әлемдік сауда орталығы салынады. Бүгін Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежізілік сауда орталығының жобасын мақұлдады. Кездесуге халықаралық сауда орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесі Рольф Драак пен «Nest Investments HOLDINGS» компаниясы өкілі Мехран Эфтехар келді. Жаңа алып нысан толығымен шетел инвестициясына салынады. Жиынға сәулетші-дизайнер Кеннэт Брюс Джеймс та қатысып, салынатын сауда орнының жоспарын Президентке кеңінен таныстырылды. Айта кетейік, инвесторлармен кездесу былтыр Брюссельде өткен Қазақстан-Еуропа бизнес форумы алаңындағы келіссөздердің жалғасы.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
В Брюсселе мы обсудили ваши предложения и договорились вновь встретиться. Учитывая большой опыт Ассоциации центров международной торговли в реализации подобных проектов, уверен, что наше сотрудничество будет плодотворным для обеих сторон. Мне хотелось бы, чтобы проект соответствовал настроению, духу нашей столицы и гармонично вписался в ее архитектуру.
А. Сейфулла