$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Астана мектептерінде экомарафон басталды

AstanaTV
24.01.2019ж. 20:00
1644
Астана мектептерінде экомарафон басталды

Астаналық оқушылар қоқысты қайта өңдеп, экологияны жақсартпақ. Құстарға қамқорлық көрсетіп, қоршаған ортаны қорғайды. Елорда мектептерінде экологиялық марафон бастау алды. Дарынды оқушылар тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын зауыт макетін жасаған. Ал, құстарға арнап 200-ге жуық жемсалғыш жасапты. Алдағы уақытта Президент саябағына орнатылады. Бұдан бөлек, марафон аясында экологиялық көрмелер мен зияткерлік сайыстар ұйымдастырылмақ.  

Әлия ӨСКЕНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ОҚУШЫСЫ: 

Қазір қоқыстардың қоршаған ортаны ластауы өзекті мәселеге айналды. Сол үшін қалдықтарды қайта өңдейтін осындай зауыт болса деймін. Көрмеге алып келген бұл макетті қағаздан жасадым.

А. Бектас


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах