Қазақстан уран экспортынан 700 мың доллар пайда тапты. Бұл өткен жылдың үш тоқсанында экспортталған 14,2 мың тонна ураннан түскен пайда. Дегенмен, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 17 пайызға төмен дейді «Еnergyprom» агенттігі. Ал, Қазақстаннан уранды сатып алушы елдердің көшін Қытай бастап тұр. Онда жалпы уран экспортының жартысынан көбі жеткізілген. Екінші орында Канада болса, үздік үштікті көршілес Ресей қорытындылап тұр. Онда екі жарым мың тонна уран жеткізіліп, 114 млн доллар түскен. Айта кетсек, Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады.
Ә. Өмірзақ