Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Букмекерлік орталықтардың табысы артып, құмар ойынға «отырғандар» саны көбейіп барады

AstanaTV
25.01.2019ж. 20:00
3284
Букмекерлік орталықтардың табысы артып, құмар ойынға «отырғандар» саны көбейіп барады

Букмекерлік орталықтардың табысы артып, құмар ойынға «отырғандар» саны көбейіп барады. Күніне 900 адам ойын ойнаса, жылына оған 300 мыңдай адам кісенделеді. «Нұр Отан» партиясында осы мәселеге қатысты арнайы жиын өтті. Мамандар айтқан бейресми дерекке сүйенсек, кейбір букмекерлік орталықтардың жылдық табысы 200 млрдқа жеткен көрінеді. Жастарды құмар ойыннан алыстату үшін жарнаманы тыйып, сол маңдағы ломбардтардың көзін құрту ұсынылды.   

Талғат ҚАЛИЕВ, «ЖАСТАР»ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ,САЯСАТТАНУШЫ:   

Егер, оның жақсы жері болса, онда Қапшағай мен Бурабайдың дамып жатқанына қарағанда мен тағы бір орталық ашар едім Балқаштан. Сол жаққа көшсін бәрі сол жақта ойнатсын, сол жаққа туристер де келеді, аэропорттар да дамиды, ертең «Астана-Алматы» жол салынса тура ортада тұр ол қала.

Гүлмира БЕРГЕНОВА, БУКМЕКЕРЛІК ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ БИЗНЕСІ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:  

Мен бұл салада 2005 жылдан бері қызмет етіп келемін. Бір ғана амал бар. Кез келген ереже бұзушылық үшін оларды лицензияларынан айыру керек. Өйткені, оларға басқа шара қолдану деген бос әңгіме.

Айта кетейік, дөңгелек столда айтылған ұтымды ұсыныстар ары қарай мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының жұмыс тобының қарауына жіберіледі. 

У. Қабылтай