Президент Н.Назарбаевтың жастармен кездесіп, Жастар жылын ашуын Мағжан ақынның өлеңімен көркемдеуге болар.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Иә, «Сүттей таза жүректер...Тау суындай гүрiлдер,» жастарды тыңдап, мемлекеттің атқаруы тиіс міндеттерін орындап, мүмкіндіктер беретін уақыт. Уақыттың біресе жүріп, біресе тоқтап тұрған «сағатының» батареясын ауыстыратын және ол «батареяны» уақытымен жаңалап тұратын пайым жастар жылымен шектелмесе керек. Лапылдап, жанып тұрғандары көп. Бірін біріне ұқсата алмай, амалы жоқтан қапаланып, қажып жүргендері де аз емес. Егер тең мүмкіндік берілсе, кішкене демеп жіберсе, олар мемлекетте таза бәсеке мен әділетті қарым-қатынас орнауына ықпалдасып, дамуымызды тежеп отырған, жеңе алмай жүрген «дерттер» мен проблемалардан табиғи түрде құтылар едік. Абай Сейфулланың материалы.
Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:
Елбасы Жастар жылын ашып бергеннен кейін жаңа буынның көкейінде бұл жылдан нақты қандай нәтиже күтеміз?- деген сауал туындағаны рас. Мен соған қазір нақты мысал келтіргелі тұрмын. Тамила Розматова – жас кәсіпкер. Атырау облысында алма өсірумен айналысады. Кеше ғана Елбасыға Астананың маңында алма бағын салсақ деген идеясын айтқан. Тамила, қалай жүзеге асып жатыр?
Тамила РОЗМАТОВА, КӘСІПКЕР:
Елбасының алдында «алма бағына» байланысты идеямды айттым. Ол бірден рұқсатын беріп, Астана қаласының әкіміне бағыттады. Әкім көп созған жоқ. Енді кездесіп алма көшеттерін қайда отырғызамыз, қанша жер керек деген сұрақтарды талқылаймыз.
- Мынау менің қолымдағы сорт өсіріле ме?
- Иә, бұл сол Астанаға дайындап отырған сорттардың бірі.
- Өте дәмді. Яғни біз осы алманы Астананың маңынан алып жейміз?
-Дәл солай. Бәріміз дақылды бірге жинап, бірге дәмін татамыз.
Астананың алмасынан бөлек, «Жастар жылында» жасалатын басқа да қадамдарды ауыз толтырып айтуға болады. Президенттің форумда үкіметке берген тапсырмалары:
Жастар жылында ең алдымен баспана проблемасы шешілуі керек. Жұмыс істейтін жас отбасылар үшін миллионер қалаларда жылына мыңнан кем емес үй салынбақ. Сөйтіп арзан жалдамалы пәтерлерді көбейтуді тапсырды. Ал жас кәсіпкерлер бастамаларын қолдауға 32 млрд теңге қаржы бөлінеді. Грант бойынша берілетін ақша екі есеге өседі. Ірі компаниялардың көмегімен бизнес стартаптарды қаржыландыратын қор қорылады. Шағын несие берудің және оқытудың оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы әзірленеді. 100-де 200 принципімен «Жас маман» бағдарламасы жасалады. Ол дегеніңіз 3 жылда жоба 200 мың жасты қамтиды. 200 алдыңғы қатарлы отандық университетте 100 сұранысқа ие салаға маман дайындалады. Жас ғалымдардың идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруы үшін жыл сайын бөлінетін 3 млдр теңге тағы бар. «Жас сарбаз» бағдарламасымен 2025 жылға дейін әскери-патриоттық тәрбие берудің кешенді жобасымен жүйелі айналысуды да тапсырды.
Қарап қалайық деп жатқан жастар жоқ. Әрқайсысы мінберге құрғақ сөзбен емес, нақты ұсыныстармен көтерілді. Әлем таныған бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайып Астанада бүркітшілер мектебін ашқысы келетін айтты. 13 жастағы IT маманы, Қазақ-Британ университетінің ең кішкентай студенті Абзал Мырзаш екі бірдей жобаны таныстырды. Біріншісі - компьютер клавиатурасына негізделген қазақ әліпбиі, екіншісі:
Абзал МЫРЗАШ, БАҒДАРЛАМАШЫ:
Екінші жобамда кириллицадан латын қарпіне аударатын конвертер программа жасадым. Қазір менің бұл конвертер бағдарламам арқылы кириллицадан латын графикасына – қазақ қарпіне бір минутта 1200-ден астам кітап аударуға болады.
Бүгінге дейін «ұят» деп баланы жыныстық тәрбиеге, әке-ана болуға баулымай келгеніміз рас. 1983 жылы жастарды дүр сілкінткен Ишанбай Қарақұловтың "Қырық сұрағынан" кейін мардымды еңбек те болмады. Салдарын Президент айтты. 1,5 млн отбасының 25 проценті ажырасып кеткен. Жастардың отбасылық өмірге дайындығы үшін әкелер институты құрылсын деді Президент.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Любовь начинается со страсти, поскольку у нас животное происхождение, но любовь – это вечная забота друг о друге. У двоих любовь. Рождается ребенок, она уже делится на троих по 30%. Второй ребенок – по 25% остается. Надо это понимать. Терпение, понимать человека таким, какой он есть. И принимать, и свободу давать человеку – это мудрость великая.
"Нұр Отан" партиясы мен халық ассамблеясы, барлық министрлік, комитет, қоғамдық ұйымдар жұмыстарының негізгі арнасын биыл жастарға бұрады. Бірақ осы жылдан кейін жаңа буынды қолдау тоқтап қалады деген сөз емес. Көкжиектерді кеңейтіп, мүмкіндіктерді көбейтсе ойлы жас әрі қарай өзі еркін қалықтай алады.
Мерей ҚАРТ, АҚЫН:
Бес жастан шауып бәйгеге,
Жанарымнан жасыл жай ұшқан.
Қамшым да – қызыл тобылғы.
Соққызба, тағдыр, санымды.
Келер ғасырға аттандым,
Оңғарса Тәңір жолымды!
Бақтияр МӘКЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Әрине, бәсекелік заман. Ешкімнің қолынан жетектеп алып келіп, мынаны істе дейтін заман жоқ. Біздің уақытымызда болған. Жастар саясатымен айналысып жүргенде көргенбіз. Бәрін жинап, футболка, майка, кепкасын кигізіп «бірге көшеге шығайық, алға» дейтін. Әр жас білікті, ұмтылысы, интеллектуалдық қабілеті бар. Сондықтан барлық мүмкіндік бар деп ойлаймын.
Алдияр ЖАППАРХАНОВ, АКТЕР, СЦЕНАРИСТ:
Тек билікке сеніп отырсаң ештеңе шықпайды. Жастар өздері біраз қозғалу керек. Билік тарапынан қашан баспана береді, анау қашан беріледі, мынау қашан беріледі деген «пенсионерлердің» әңгімесін айтпау керек қой.
Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:
Форумдағы батыл бастамасынан кейін Тамила Астанаға бақ салмақ. Форумдағы сөзінен кейін 27 жастағы 7 баланың анасы Жазира отбасымен төрт бөлмелі баспана алып, басына бақ бонып жатыр. Сонымен бірге кей университеттер мен колледж басшылары студенттерге «Жастар жылы» логосын аватарға мәжбүрлеп қойғызып, басынып та жатыр екен. Жалаулатпай-ақ жақсы өткізейікші. Себебі бұл – біздің жыл, біздің уақыт!
Форумдағы батыл бастамасынан кейін Тамила Астанаға бақ салмақ. Форумдағы сөзінен кейін 27 жастағы 7 баланың анасы Жазира отбасымен төрт бөлмелі баспана алып, басына бақ қонып жатыр. Сонымен бірге кей университеттер мен колледж басшылары студенттерге «Жастар жылы» логосын аватарға мәжбүрлеп қойғызып, басынып та жатыр екен. Жалаулатпай-ақ жақсы өткізейікші. Себебі бұл – біздің жыл, біздің уақыт!