Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елімізде рәсімделген әрбір 4-ші несие тұрғын үйге қол жеткізу үшін алынады

AstanaTV
28.01.2019ж. 20:00
2442
Елімізде рәсімделген әрбір 4-ші несие тұрғын үйге қол жеткізу үшін алынады

Елімізде рәсімделген әрбір 4-ші несие тұрғын үйге қол жеткізу үшін алынады. Соңғы 3 жылда екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық қарызды рәсімдеу көрсеткіші ұлғайған. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш рекордттық деңгейге жетті. Бұл жөнінде Ranking агенттігі жазады. Нақтырақ айтсақ, 2016 ж - 900 млн теңге, 2017 ж -1,1 трлн теңге , 2018 ж - 1,3 трлн теңге. Осылайша банк секторындағы жалпы қарыз портфелі 8,4 пайыздан бірден 10 пайызға дейін шарықтап кеткен. Жалпы елімізде қай банкке жүгінсеңіз де баспанаға арналған ипотекалық несие рәсімдеуге болады. Әр қаржы ұйымында талаптар сан түрлі. Портал келтіріп отырған ипотекалық кредит алу үшін қолайлы әрі шекті мерзімі ұзақ банктер тізімі мынадай. Бірінші орында АТФ - 100 млн теңгеге дейін несие рәсімдеуге болады, 2-ші орында ForteBank - 50 млн теңге, ал үшінші орында Сбербанк - 18 млн теңге. Олар 6 айдан 240 айға дейінгі уақыт аралығында кредит алуға мүмкіндік беріп отыр.     

Н. Біләл