Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Былтыр теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық 29%-ға кеміді

AstanaTV
29.01.2019ж. 20:00
2027
Былтыр теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық 29%-ға кеміді

Өткен жылы теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық 29 пайызға азайды. Бұл туралы Ұлттық тасымалдаушы компанияның қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры Марат Шәкенов мәлімдеді. Қазіргі уақытта қозғалыс қауіпсіздігі жағдайының тиісті көрсеткіштеріне ғана емес, сонымен қатар, техникалық және технологиялық ресурстарына, материалдық, кадрлық сәйкестігіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Аталған мәселенің шешіміне қол жеткізу үшін қарапайым халықта өз септігін тигізуде. Бұған дейін темір жолдағы қауіпсіздік проблемаларын жұртшылық сенім телефоны арқылы жеткізіп отырса, енді «Ең алдымен қауіпсіздік» атты порталы іске қосылмақ.  

МАРАТ ШӘКЕНОВ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ - ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗІДІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Ал, мына порталда, мысалы, қазір бәрімізде компьютерлік жағдай бар. Оның суретіменен түсіріп, болып жатқан жағдайлар болса соған жауапты қылып, әдейілеп соны ашып соны қандай бізге хабар бере алатынын. Енді біз әр жаққа үлгермейміз ғой сол жерден жіберетін қылып әдейі ашып отырмыз.   

Н. Біләл