Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жалақының өсетінін ауыз толтырып айтуға жақсы. Нәтижесі «мардымсыз» - Мәжілісмен

AstanaTV
29.01.2019ж. 20:00
4430
Жалақының өсетінін ауыз толтырып айтуға жақсы. Нәтижесі «мардымсыз» - Мәжілісмен

Ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыру қысқа мерзімді амал ғана. Дұрысы бес жылдық стратегиялық жоспар құру. Бұл туралы «Нұр Отан» фракциясы партия жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында мәлімдеді. Кездесу тақырыбы әлеуметтік салаға алдағы үш жылда бөлінетін қаражат көлемі. Айта кетейік, Президент кезекті Жолдауында медицина, ғылым және білім беруді қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізуді тапсырған болатын. 2019 жылы әлеуметтік салаға бөлінген бюджет шығыны 4 триллион теңгеден асады, яғни, барлық шығындардың 45 пайызын құрайды. Гүлжан Қарағұсова жалақыны өсірген соң, оны барлық тарифтік жоспарға сай өсіру керегін айтты.  

Гүлжан ҚАРАҚҰСОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Ал, 2017 жылы нақты жалақы мөлшері төмендеді. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері үшін 4,3, білім саласындағылардікі 4,4 пайызға түсіп кетті. Яғни, бұл шаралар тиімсіз болып шықты. Ешкім түсіне бермейтін базалық жалақыны алып тастау туралы біз айтып жүрміз. Оның түкке де керегі жоқ. Қазіргі мөлшері 17 697 теңге. Ауыз толтырып айтқанға жақсы, нәтижесі түкке тұрғысыз.

У. Қабылтай