Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Швецияда «біртүрлі» мәдениеттің өкілі мәдениет министрі болды

AstanaTV
29.01.2019ж. 20:00
1925
Швецияда «біртүрлі» мәдениеттің өкілі мәдениет министрі болды

Швецияда 38 жастағы Аманда Линктің министр атануы қызу талқыланып жатыр. Ол жасынан комикстарды, мысықтарды, компьютерлік ойындарды қызықтайды. Дәстүрлі емес жыныстық ориентация өкілдерін қолдайды. БАҚ бәрінен де оның ерекше шаш үлгісін сынның астына алды. Бала кезінен басынан түспеген «дредті» министр болсам да тастамаймын дейді өзі. Ал, зиялы қауым онсыз да құрдымға кетіп бара жатқан швед мәдениетін бұл қыз құтқара алмайды деген пікірде. Бірақ, Аманда Линктің саясатта 20 жылдық тәжірибесі бар. Күйеуі- белгілі режиссер Бьерн Ола Линд. Екі перзент тәрбиелеп отыр. Жаңа министрдің ұстанымы - мәдени іс-шараларды қарапайым халыққа қолжетімді ету, журналистік зерттеулердің тәуелсіз болуына атсалысу.  

А. Сейфулла