Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атырауда балаларына мектеп формасын кигізуден қашқан ата-аналар қашықтықтан білім алуға көшкен

AstanaTV
30.01.2019ж. 20:00
3840
Атырауда балаларына мектеп формасын кигізуден қашқан ата-аналар қашықтықтан білім алуға көшкен

Атырауда мектеп формасына бағынғысы келмеген ана-аналар балаларын қашықтықтан оқытуға көшкен. Білім басқармасының дерегінше, соңғы 2 жылда қала мектептерінен 9 оқушы құжаттарын қайтарып алыпты. Олардың төртеуі №16 мектеп-лицейінің оқушысы. Ұстаздардың айтуынша, кеткен балалардың сабақ үлгерімі де, тәртібі де жақсы болған. Тек олардың ата-анасы ортақ ережеге бағынғысы келмеді дейді. Білім ошағы директорының орынбасары ол оқушылар Ресейлік жекеменшік мектеп арқылы қашықтан білім алып жатқанын айтты.  

Әйгерім СЕЙІТЖАПАРОВА, Ж.ҚАРАЖІГІТОВ АТЫНДАҒЫ №16 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Анықтамада қашықтықтан оқыту деген сөз болмағандықтан біздер олар Ресей қаласына көшіп кетіп жатыр деген оймен анықтамаға құжатарын балалардың берген болатынбыз. Қазіргі уақытта анықталғаны ол оқушылар осы Атырау қаласында тұрып, қашықтықтан оқып отыр екен.

Білім басқармасындағылар ата-аналардың бұл әрекеті - заңсыз,- дейді. Олардың айтуынша, қашықтықтан оқуға денсаулығында кінәраты бар балаларға ғана рұхсат беріледі. Мамандар түсіндіруге тырысқанымен, ата-аналар әзірге балаларын мемлекеттік мектепке қайтаруға келіспей отыр. Іске құзырлы органдар араласуда. Әкімшілік айыппұл да салынған.   

Байжан ШАМҰРАТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Бастарында орамал тартады деген бағытпен, мектепке әкелмей үйлерінде ұстап оқытып отыр. Әрине, бұл заң талаптарына қайшы нұсқаулықтарға. Сондықтан да, біздер, білім беру ұйымдары мектепке қайтару жөнінде жұмыстар жүргізіп жатыр.

Б. Нәдірқызы