Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жасөспірімдердің қылмысқа ұрынуына ақылшы таппауы себеп

AstanaTV
30.01.2019ж. 20:00
3742
Жасөспірімдердің қылмысқа ұрынуына ақылшы таппауы себеп

Жасөспірімдер түрлі қылмыстарға ұрынбау үшін оларға барынша көңіл бөлу керек. Әсіресе 15 -16 жастағылар түнгі уақытта көше кезіп, тіпті кейбірі үйінен қашып кетіп жатады. Психологтар мұны өтпелі кезеңде жеткіншектердің іштегі сырын ақтарар, ақыл-кеңес сұрайтын адамы болмайтынымен байланыстырады. Мәселен, былтыр кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына түнгі 11-ден соң сыртта жалғыз- жарым жүрген жерінен 1 034 жеткіншек жеткізілген. Соның 61-і арнайы мекемелерге өткізіліпті. Өзгесі ата-аналарына тапсырылған. Сондықтан ата-анасы баламен сырласуы керегін айтады.  

Арайлым ЕСЖАНОВА, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ: 

Өтпелі кезеңдерден өтеді, сол уақыттарда екі жол болады. Ол екі жолдың жол таңдауға көмектесу керек. Мектептегі мұғалімдері, психологтары көбірек жұмыс жүргізуі керек, сонда дұрыс болады деп ойлаймын. Бала сол уақытта өзінің ойын дұрыстап айтуға, айтатын адам іздейді негізінде. Содан кейін ішіндегі ойын айта алмағаннан кейін жан жаққа қашу, әртүрлі әрекеттер жасайды.

Айта кетейік, Шымкент мектептерінде қазір «Қылмыссыз жарқын болашақ» атты он күндік өтіп жатыр. Шара аясында сала мамандары оқушыларға құқықбұзукшылық жасаған жағдайда қандай жаза арқалайтыны, жауапкершілік жүгі турасында заң аясында тереңірек мағлұмат беруде.  

А. Төребекқызы