Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Қорқақ Үкімет». Үкіметтің кеңейтілген отырысы

AstanaTV
30.01.2019ж. 20:00
4703
«Қорқақ Үкімет». Үкіметтің кеңейтілген отырысы

Қорқақ Үкімет! Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетіне осылай деп шүйлікті. Шетелден инвестиция тарта алмай жүрген министрлерге ұрысты. Несие алып, қайтара алмай жатқан компаниялар үшін Ұлттық банк төрағасы сын естіді. Шөкеевті жерді ұқсата алмайсыңдар деп сөкті. Ал Астанаға еліктеп Қызлордада сол жағалау салып жатқан Қырымбек Көшербаевқа су жаңа ауданға инфрақұрылым тарта алмайсың деп сенімсіздік танытты. Абай Сейфулла тарқатады.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Институт банкротства является распространенным явлением в рыночных странах. Вы просто трусы, а не правительство и не министры. Руки, колени дрожат, чтобы принимать решение. Для чего тогда работаете? Очистите мне все банки, буду считать, что честно выполнило свой долг это правительство. И уйдите с этим в отставку. Вот это будет работа.

Президентті ашулындырғаны отандық банк қожайындарының ақша жымқыруы. Елдегі компаниялардың қарыз алып, қайтара алмай құрдымға кетуі. Мұндай компаниялар банктерге 4 трлн теңге қарыз. Қарызға батып, тоқырауға ұшыраған кәсіпорындар соңғы 3 жылда екі есе көбейген. Президент компанияларға ақша берместен бұрын, қатаң тексеруді тапсырды. Өзі үнемі араша түсетін Ақышевқа бүгін басқаша шарт қойды.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Данияр, головой отвечаешь. Өзінің ақшасын өзі ұрлап, өзі жоқ қылады. Что такое вообще? Среди белого дня. А мы что сидим здесь? Это говорит о полной несостоятельности! Без зачистки экономики от банкротов мы не будем нормально развиваться. Банк ақша бермейді деп бәрің шуылдайсыңдар, кому будем давать? Везде предпрятия банкроты, никто не может гарантировать, никто не возвращает деньги.

Ал Ақышев Президент алдына тың ұсыныспен келіпті. Ол «7-20-25» бағдарламасы іспетті көлік сатып алуға несие беруге әзірлік танытты. Импортты шектеп, отандық өндіріске қолдау керек дейді. Айтпақшы, «7-20-25» бойынша пәтері барларға үй алуға Президент қарсы болып шықты.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Давайте дадим тем, у кого нет. Пусть будет меньше. Жастарға деп отырғаннан кейін солай ғой. Үйі жоқтар алсын, үйі барлар алады мынаны қазір, арзан бағаменен. Сонан кейін арендаға береді де, сол үйден ақша тауып отырады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек 2020 жылға дейін тас жолдардың 85 пайызын тегістуге уәде берді. Бүгін Президент оған оңайға соқпайтын жаңа міндет жүктеді. АҚШ-қа тікелей ұшатын рейстер ашу қажет дейді. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Сейчас мы в Европу летаем, надо летать в Соединенные штаты, надо летать в Японию. Что для этого надо, надо посмотреть, помочь, поддержать.

Ал Өмірзақ Шөкеев жұмыртқа экспортымен мақтанды. Былтыр сыртқа 602 млн дана жұмыртқа жөнелтіппіз. Ет пен жұмыртқаға қарық болсақ та, қыста көкөністен қысылатынымыз рас. Министр Астанада бағасы удай көкөніске күрес жариялады.  

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: 

Шымкентте сәбіз маусымында 43 теңге, Астанаға жеткенше 150 теңгеге жетеді. Себебі арада делдал көп. Сіз көтерме-үлестіру орталықтарын көбейтуді тапсырғансыз. Бұл бағытта Қарағанды жақсы жұмыс істеп жатыр. Наурыз айында аумағы 72 мың шаршы метр көтерме-үлестіру орталығы іске қосылады. Ондай орталық арқылы бірден үш алып-сатардан құтыламыз. Сөйтіп баға үлкен қалаларда төмендеуі тиіс.

Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ, ТІЛШІ: 

Үкіметті бір қорқытып алған Нұрсұлтан Назарбаев жиын соңында райынан қайтқандай болды. Ең бастысы жұмысқа мығым болуға шақырды. Бүгін Президенттен мақтау естігендер Елжан Біртанов пен Ерлан Сағадиевтер. Ал саясаттанушылар сан-саққа жорыса да, бүгін Үкіметте ешқандай ауыс-түйіс болған жоқ.

А. Сейфулла