Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Серік Сәпиев депутаттық өкілеттілігінен бас тартып, жаңа қызметке тағайындалды

AstanaTV
30.01.2019ж. 20:00
2443
Серік Сәпиев депутаттық өкілеттілігінен бас тартып, жаңа қызметке тағайындалды
Серік Сәпиев депутаттық өкілеттілігінен бас тартты. Бұл туралы ол Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді. Оның шешіміне Мәжіліс депутаттары қарсылық білдірген жоқ. Халық қалаулылары арнайы қаулыға бірауыздан дауыс берді. Ал, спикер Нұрлан Нығматулин палата депутаттарының атынан ризашылық білдіріп, әріптесіне жаңа қызметте сәттілік тіледі.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Успехов, успехов тебе Серик Жумангалиевич, теперь уже на государственной службе. Больших успехов и уверен, что ты так же будешь одерживать большие победы. Бақытты бол, табысты бол!

Олимпиада чемпионы енді еліміздегі Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне төрағалық етеді. Бұл туралы аталған комитеттің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева мәлімдеді. Серік Сәпиев 2017 жылдың 28 ақпанында мәжілістің VI шақырылымының депутаты болды. Бұған дейін ол «Astana Arlans» клубының бас директоры қызметін де атқарған еді.
Н. Біләл