$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тобыл өңірінде өрттен зардап шеккен тұрғындар өтемақы ала алмай жүр

AstanaTV
31.01.2019ж. 20:00
2223
Тобыл өңірінде өрттен зардап шеккен тұрғындар өтемақы ала алмай жүр

Қостанай облысы Затабол кентінің тұрғындары 5 айдан бері өтемақы ала алмай жүр. Еске салайық, былтыр газ құбырындағы ақаудан өрт шығып, үш пәтерді шарпып өткен еді. Сол тұста жергілікті билік зардап шеккен жандарға көмек көрсетеміз деген екен. Бірақ,әлі күнге дейін әкімдіктегілер уәдесін орындаған жоқ. Баспанасыз қалған отбасылар несие алып, үйдің шатырын өздері жөнге келтірген. Өзге жөндеу жұмыстарына қаражат жоқ.  

Здесь было разрушение полностью. Дырка была насквозь в квартиру. Стоял другой кран. Поставили сейчас новый. Но эта газовая труба не действует.  

Құбырдан шыққан қызыл жалын қос қабатты үйдің қабырғасын қиратып,шатырын көкке ұшырған. Құдай сақтап, қырағы көршілер өртті дер кезінде байқап, тұрғындарға хабарлаған. Тілсіз жаудың зарбадын тартқан Затаболдықтар жергілікті биліктен қайыр болмаған соң баспананы өз күшімен жөндеуге кіріскен көрінеді. Қабырғасын қалыпқа келтіріп, жанып кеткен шатырдың бөлігін жаңадан көтерген. 

Виктория ВЕРЕСТЮК: 

Жөндеу жұмыстарына өз қаражатымызды жұмсадық. Үйдің қабырғасын қайта қалап, шатырдың бөлігін жаңадан істеттік. Жөндеу жұмасытарны көп ақша кетті. Енді пәтерлерді күрделі жөндеуге қаражат жоқ. Аудан билігі көмектеспей қойды.Өртке кімнің кінәлі екені де белгісіз. Іс бір орында тұр. Ешкім жауапқа тартылмады.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстық кодекстің 204-бабы 1-бөлігі, яғни, «бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» бойынша іс қозғаған. Бұған дейін бірқатар сараптама тағайындалыпты. Сондықтан тергеу мерзімі созылып кеткен. Полицейлер соңғы сараптама нәтижесі белгілі болған соң дереу процессуалдық шешім шығады деп сендірді. 

Ирина БЕЖЕНАРЬ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Қылмыстық істі тергеу аясында бірқатар сот сараптамасы жүргізілді. Қазіргі таңда аталмыш іс бойынша сот-электрлік сараптамасы жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін заңды процессуальдық шешім қабылданатын болады.

Тұрғындар өтемақы алу үшін өрттің неден шыққанын білгісі келеді. Көпшіліктің айтуынша, құбырдың краны газ жіберіп тұрған. Олар көгілдір отын тарататын мекеменің апаттық қызметіне бірнеше мәрте хабарлаған. Бірақ, ақауы бар бөлшек ауыстырылмапты. Ал, техникалық қызмет көрсету ұйымы қос қабатты үйдің газ тарату желісін былтыр наурыз айында тексерген.Тұрғындардан ешқандай шағым түскен жоқ дейді. 

Марина ЖУРБА, «ҚОСТАНАЙ-РЦКУ» ЖШС ШЕБЕРІ: 

Егер, олар бізге жүгініп өтінім жазса,міндетті түрде барып тексереміз.Тұрғындар хабарласып, біз бармай қойды дегені мүмкін емес.

Өрттен зардап шеккен отбасылар үйдің қабырғасы мен шатырын жөндеуге бір жарым миллион теңге жұмсағанын айтады. Пәтердің ішін жөнге келтіру үшін тағы ақша қажет. Тұрғындар кінәлі тарап анықталса ,өтемақы ретінде қомақты қаражат өндіріп алмақ. 

З.Санай