Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қытай мен АҚШ арасында сауда-сатттық қақтығысына қатысты екінші келіссөз басталды

AstanaTV
31.01.2019ж. 20:00
2350
Қытай мен АҚШ арасында сауда-сатттық қақтығысына қатысты екінші келіссөз басталды

Вашингтонда АҚШ пен Қытай өкілдері келіссөздердің екінші раундын бастады. Онда алып елдер арасындағы «сауда соғысы» жан-жақты қаралады. Қытай делегациясын Вице Премьер Лю Хэ бастап келді. Тараптар екі күн бойы Вашингтон таққан айыптарды талқылайды. Ол Қытай, Америка компанияларын техноголиядағы жетістіктермен бөлісуге мәжбүрлейді және өз нарығын шектеп тастаған дегенге саяды. Келіссөзге «Huawei» компаниясының қаржы директоры Мэн Ваньчжоу төңірегіндегі дау көлеңке түсіруі мүмкін. Оған Америка прокуратурасы дүйсенбі күні Иранға қарсы санцияларды бұзды және қаржылық кірістерін Америка үкіметінен жасырды деп айып таққан болатын. Қытай Мэн Ваньчжоудың тұтқындалғанына қатты қарсылық білдірген еді. Бизнесмен 1 желтоқсанда Америка билігінің тапсырысымен Канадада ұсталған. Қазір АҚШ-қа экстрадиция мәселесі қаралып жатыр.   

М. Дюсекина