Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Сотқа жеткізбей: елімізде нотариустардың құзіреті күшейтілді

AstanaTV
31.01.2019ж. 20:00
3316
Сотқа жеткізбей: елімізде нотариустардың құзіреті күшейтілді

Елде нотариустардың құзіреті артады. Ақпан айынан бастап кейбір азаматтық істерді сотқа жеткізбей, нотариус шешетін болады. Ол несие қарыздары, коммуналдық берешек, кепілдік мәселесі, тағысын тағылар. Қазір Астанадағы соттарда жатқан 15000 іс жекеменшік нотариустерге беріледі. Жаңа заң бойынша сот санкцияларының біразын прокурорлар бекітеді. Астанадағы мұндай 500 мың істі сот прокуратураға аударып отыр. Пайдасы - тараптар адвокат жалдап, жарна төлеп шығындалмайды. Және уақытқа үнем дейді.  

Сайран ӘЛІМБАЕВА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 

Қарыз алған адам мойындаса, нотариустың жазуы арқылы бекітіліп, қарыз қайтарылады. Сондай-ақ, тұрғын үйді пайдалануға кеткен шығындарды өндіріп алуға, алимент өндіріп алу туралы көптеген әрекеттерді нотариус бекітіп, өндіріп алуға болады. Мысалы, сотта бұл істер 2 ай қаралады. Ал, нотариуста екі күн күнде шешіліп, орындауға жіберіледі.

А. Сейфулла