Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Сенат Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы заңды қабылдады

AstanaTV
31.01.2019ж. 20:00
2109
Сенат Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы заңды қабылдады

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ел атауын өзгертуге қатысты өз пікірін білдірді. Бұдан бұрын мәжілісмен Азат Перуашев Үкімет басшысына сауал жолдап, ол қоғамда қызу талқыға түскен. Депутат мемлекет атауын Қазақ Республикасы деп өзгерту керек деген. Сенаттың жалпы отырысынан Нұрсұлтан Біләл тарқатады.  

«Каспий конституциясы», яғни, теңізді жағалай қонған бес ел жазда бекіткен конвенция бүгін Сенатта ратификацияланды. Көп ұзамай құжатқа Президент қол қоюы тиіс. 20 жыл ішінде бес мемлекетпен ортақ мәмлеге келу үшін, талай дипломат тер төкті. Ал, оны бекіту бақыты су жаңа министр Бейбіт Атамқұловқа бұйырыпты. Каспийге қатысты проблемаларды шешу, теңізбен шектесетін мемлекеттер құзырына ғана жатадаы. Өзгелердің әскери кемелері түгел, азаматтық қайықтардың жүзуіне тиым салынған. 

Бейбіт АТАМҚҰЛОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:  

Жағалау маңы мемлекеттерінің сыртқы саясаты стратегиялық бағыттарының арасында негізгілерінің бірі болғанын айтқым келеді. Конвенция Каспий түбінің Қазақстандық секторын бөлуді аяқтауға, сондай-ақ, Каспий теңізін қосқанда периметрі бойынша мемлекеттік шекараны дермитациялау үшін барлық жағдайларды туғызады.   

Сенаторлар алдына алғаш рет келген Сыртқы істер министрі көкейкесті сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, депутаттардың мақтау сөзіне ілікті.  

Рахмет сізге! Дебютіңіз сәтті болды бүгін. 

Сондай-ақ, сенаторлар бүгін броконьерлермен күресу жолдарына тоқталды. Бұдан бұрын төменгі палатадағы әріптестері айтқан, материалдық-техникалық жағдайдың жұтаңдығы, жалақы аздығын жоғарғы палата да қуаттады. 

Мұхтар ЖҰМАҒАЗИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

Елдің шетінде, желдің өтінде жүрген инспектордың орташа айлық еңбекақысы шамамен 60-70 мың теңге. Осының салдарынан қару мен байланыс құралдарының жаңа үлгілерімен жарақтанған браконьерлер алдында өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғайтын сақшыларымыз материалдық және техникалық жағынан дәрменсіз. 

Ал, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика атауын өзгертуге қатысты өз пікірін білдірді. Спикер қоғамда қызу талқыланатын мәселелерге қатысты үнемі өз ойымен бөлісіп отырады. Бұл жолы, Мәжіліс депутаты көтерген бастамаға қолдау білдірмеді. 

Нет никакого смысла и никакого основания переименовывать государство. У нас других проблем много. Спасибо!  

Нұрсұлтан БІЛӘЛ, ТІЛШІ: 

Естеріңізге сала кетейін, өткен аптада «Ақ жол» Фракциясының жетекшісі «Алаш» қозғаласының 100 жылдығына орай ел атауын «Қазақ» Республикасы деп өзгертуді ұсынған. Ол алашордашылар таңдап, қойған бұл атауды тоталитарлық режим де қолдады деген уәж келтірген еді.

Н. Біләл