$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Екінші деңгейлі 9 банкке 600 млрд теңге ақпан айында беріледі - Е. Досаев

AstanaTV
31.01.2019ж. 20:00
1741
Екінші деңгейлі 9 банкке 600 млрд теңге ақпан айында беріледі - Е. Досаев

Екінші деңгейлі 9 банкке 600 млрд теңге ақпан айында беріледі. Ақпаратты Үкіметтің кеңейтілген отырысында вице-премьер Ерболат Досаев айтты. Үкімет желтоқсанда Ұлттық банк пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мамандарының басын қосып, жол картасын әзірлеген. Несиелеу механизмі анықталыпты. Президент Жолдауда бұл қаражатты өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау үшін 3 жыл қатарынан бөлуді тапсырған еді. Бүгінде экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 29 пайызға жеткен. Кәсіпкерлерді қолдаудың арқасында отандық өнім өндірісі 18,3 пайызға артып отыр. Бұл дуинг бизнестегі 28 орын. Жекешелендірудің арқасында мемлекетке тиесілі 96 компания жеке секторға берілген. Ал, 15 пайыз акциясы сатылған «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясының бір акциясы бүгінде 14 пайызға өсіпті.  

Г. Меңдеева


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах