$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тараз су тасқынының алдын алуда

AstanaTV
01.02.2019ж. 20:00
3856
Тараз су тасқынының алдын алуда

Тараз билігі күрек, кетпен ұстап тасқын судың алдын алуға көшті. Олар қаладағы каналдар мен өзен арналарын қоқыстан тазартуда. Арық-атыздарды аршу жұмыстарына араласқан атқамінерлер мыңға жуық мемлекеттік жұмысшыларды да жұмылдырған. Әулиеата өңірінде биыл аса қар жаумады. Есесіне, жаңбыр жиі болды. Су деңгейі көктемде көтеріліп кетпес үшін қазірден қамданып жатыр. Жаңбырлы маусымда күн көзі күрт жылынып, таулы жерлердегі еріген қар суы да қосылады деген қауіп бар. Тұрғындар тазалыққа бей-жай қарайды деген шенеуніктер жылдан жылға қала құбырларына жиналатын қоқыс көлемі ұлғайып жатқанын жеткізді. Еске салайық, былтыр күзде «Самал» шағын ауданын су шайып кеткен. Сол кезде әкімдік тұрмыстық қалдықтарды каналға тастайтын тұрғындарды айыптаған еді.  

Бақытжан САДАНОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАС ИНСПЕКТОРЫ: 

860 адам қатысып, 59 техника жұмылдырылды. Соның нәтижесінде 400 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Тұрғындардың тазалық жұмыстарына салғырт қарау салдарынан құбыр өткелдері, канал арналары қоқысқа толып бітелуде.

Д. Әлімқұл