Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Браконьерлердің қолынан қаза тапқан табиғат инспекторы Ерлан Нұрғалиев осы аптада 53 жасқа толар еді ...

AstanaTV
01.02.2019ж. 20:00
3337
Браконьерлердің қолынан қаза тапқан табиғат инспекторы Ерлан Нұрғалиев осы аптада 53 жасқа толар еді ...

Браконьерлердің қолынан қаза тапқан табиғат инспекторы Ерлан Нұрғалиев осы аптада 53 жасқа толар еді. Қорықшы тірі болғанда үшінші немересін перзентханадан шығарып алар еді. Марқұмның ата-анасы ұлымыз «арманда кетті» деп қайғы жұтып отыр. Көңілдеріне демеу болатыны - елдің қолдауы ғана. Ауылдастары «Халық қаһарманы» атағын сұрап, Президентке үндеухат жолдаған болатын.  

Медет НҰРҒАЛИЕВ, МАРҚҰМ Е.НҰРҒАЛИЕВТІҢ ҰЛЫ: 

Алланың қалауымен әке атандық. Өкінішке орай, осы ұлымды әкеміз Ерлан көрмеді, өмірден озып кетті. Ол кісінің өмірі осымен тоқтаған жоқ, артында ізбасарлары бар. Атын да ұқсастырып, әкем сияқты ер болсын деп, атын Ерұлан қойдым.

Марқұм инспектордың 80-нен асқан ата-анасы мен ауылдастарының естеліктерін тілшіміз Данияр Қайыртай жазып алды. Материалды ертең 20:00-де «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар.  

Д. Қайыртай