Алматыда «Нұрлы жер» арқылы үй алғандар құрылыс сапасына наразы. Мердігер жаңа баспананы шала-шарпы күйінде тапсыра салған. Тұрғындардың дайын үйге кіреміз деген дәмесі жайына қалды. Құрылыс компаниясы болса, бұған жергілікті жылу орталығын кінәлап отыр. Олжас Нұржақып тарқатады.
Мы вам устраним проблему. Устраните. Каждый день звоним. Каждый день обещают. Мы вам устраним. Не переживайте, пожалуйста.
Нұржан Құсайынов құрылыс компаниясының құрғақ уәдесінен мезі болғандардың бірі. 15 жылға ипотекалық несие рәсімдеп, өткен айда келісімге отырғаныммен, көптен күткен пәтеріне әлі қоныстанбаған.
Нұржан ҚҰСАЙЫНОВ:
Бір ай болды кіре беріс есігімді жөндеп беріңдер дегеніме. Міне, тұтқамен кіріп-шығамыз. Кілтті әзірге берген жоқ. Балконда арматура салбырап тұр. Оны да кеспеген. 96 мың теңге төлеп қойдым. Бірақ, әлі жалдамалы пәтерде тұрып жатырмын. Дайын күйінде алам деген баспанада кемшілік көп. Салдарынан көшіп келе алар емеспін.
«Нұркент» кешенінде 22 көпқабатты үй, 1400 пәтер бар. Желтоқсанда тапсырылғанымен, тұтынушылардың көңілінен шықпай отыр. Бір ай ішінде мұнда тұрғындардың 50 пайызынан астамы көшіп келген. Басым бөлігі «Нұрлы жер» бағдарламасымен пәтер кілтіне ие болғандар. Олардың ортақ проблемасы жарылған қабырға, сынған кафель, жел үрген есік-терезе.
Суықтың желі мына жерге дейін келіп тұр. Мына жерде тұратын мүмкіндік жоқ. Балаларда тоңып жатыр аяқ қолымыздан суық өтіп. Блогостройный деген аты ғана шындап келгенде.
Жанна НАЙЗАБЕКОВА:
Әлі де міне балконның есік терезелері дұрыс емес. Паркеттері дұрыс емес. Жел соғып жатыр. Суық. Жасаймыз, жасаймыз. Құры жасаймызбен қатырып жатыр ғой.
Ал, құрылысқа жауапты компания өкілдері кемшілік барын мойындады. Тек тұрғын үй кешенінің бұлайша бүлінуін жақын маңда орналасқан «Жылу орталығына» жауып отыр.
Шәміл ШӘМІЛОВ, «АРТЕМИДА ЛТД» ЖШС ПРОРАБЫ:
Ай басында қатты гидросоққы болды. Салдарынан дайын болып қалған тұрғын үй кешені түгел суға батты. Бұл біздің кінәміз емес қой. Жақын маңдағы «Жылу орталығыдағы» ақау. Амалсыз осы уақытқа дейін істеген жұмыстарымызды қайтадан жаңартып шығу керек. Әр үйді шайған су қабырғаны да, төсеген еденді де бүлдірді. Осының бәрі жұмысты кешіктіріп отыр. Су басқан пәтерлерді қалпына келтіреміз деп, өзге іске үлгере алмай жатырмыз.
Мәселенің анықтамаққа «Жылу орталығына» ресми хат жолдадық. Мекеме бізге жазбаша жауап қатты. Онда жылу маусымы басталғалы ешқандай төтенше жағдай орын алмағанын хабарлайды. Демек, құрылыс компаниясының уәжі орынсыз деп отыр.
Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ:
Құрылыс компаниясы бір жарым ай ішінде кеткен кемшіліктерді жөнге келтіретіндерін айтты. Бірақ, тұрғындар бұл сөзге сенгісі жоқ. «Мердігер құрғақ уәдемен тек уақыт ұтады» - дейді. Мәселе осы жолы да шешімін таппаса құзырлы орындарға арыздануға бел буып отыр.
О. Нұржақып