Хабарымызды жаңа ғана түскен маңызды ақпараттан бастаймыз. Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңеске Президент өкілеттігін тоқтату туралы тармақты ресми түсіндіру жөнінде өтініш білдірді. Бұл туралы Конституциялық кеңестің ресми сайтында жарияланды. Бұл ҚР Конституциясының 42 бабының 3-ші тармағы. Онда Президент өкілеттігі жаңа сайланған Президент қызметіне кіріскенде, сондай-ақ мерзімінен бұрын орнын босатқанда және қызметінен өз еркімен кеткенде немесе қазасына орай тоқтатылатыны көрсетілген.