Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Өскеменде еріктілер сақылдаған сары аязда адамдарға көмек көрсету үшін мобильдік қосымша ойлап тапты

AstanaTV
05.02.2019ж. 20:00
3052
Өскеменде еріктілер сақылдаған сары аязда адамдарға көмек көрсету үшін мобильдік қосымша ойлап тапты

Өскеменде сары аязда адамдарға көмек көрсету үшін мобильдік қосымша пайда болды. Оны жергілікті еріктілер ойлап тапқан. Көмек қажет болса, қосымшаға қай уақытта, қандай жәрдем қажет екенін жазу жеткілікті. Қайырымды жандар бірден қол ұшын береді. Әзірге бұл қосымшаның мүмкіндігін зейнеткерлер мен мүгедектер ғана пайдалана алады.  

Анна Мазаеваның арбаға таңылғанына 10 жыл. Алайда, бойжеткен түрлі жастар форумына тұрақты қатысады. Кейде діттеген жеріне жете алмай қиналатынын айтады. Сондықтан Анна ватсаптағы топ арқылы еріктілерге шыққан. Бірден он адам хабарласып, көмектесуге әзір екендігін білдіріпті. Сол кезде ол сервистік қызмет ұйымдасытруға болатынын ойлап тапқан. Жаңа мобильді қосымша жасап, оған «Өскемен Асар» атауын беріпті.     

Анна МАЗАЕВА, «ӨСКЕМЕН АСАР» ЖОБАСЫНЫҢ ДИСПЕТЧЕРІ:  

Ол жерде екі мәселе бар. Адамдар өз көмектерін ұсынса, екінші тарап қандай жәрдем қажеттігін сұрайды. Барлығы онлайн режимде өңделеді. Біз бәрі ойдағыдай болады деп сенеміз. Ешқандай оператор керек емес, мұның бәрін әкімші үйлестіріп отырады. Яғни, адам қандай тапсырма түскенін көріп, бірден жауап бере алады.

Әзірге бұл қосымшаны зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар ғана пайдаланады. Еріктілер тіпті олардың үйіне барып, шаштараз қызметін де көрсете алады. Міне, Тамара Завьялова қарияның шашын қиюға келіп отыр.   

Тамара ЕВСЕЕВА, ЗЕЙНЕТКЕР:  

Әрине, былай өзім шаштаразға бара алаймын, аяғым ауырады. Еріктілер жақсы көмектесіп жатыр. Телефон шалып едім, бірден жетіп келді.

Бұл күндері өңірде ауа температурасы -40 градусқа жетті. Сәйкесінше еріктілердің жұмысы да қыза түскен. Біреулерді дүкенге жеткізіп салса, енді біріне қар тазалауға жәрдемдесіп жүр. Белсенді топ қала тұрғындарын ауа райының қолайсыздығаны орай мұқтаж жандарға қол ұшын беруге шақырады. 

Ә. Мұхитқызы