Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Енді қару-жарақты Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сатып алады

AstanaTV
05.02.2019ж. 20:00
2628
Енді қару-жарақты Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сатып алады

Бұдан былай Қазақстан әскеріне қажетті қару-жарақты Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сатып алмақ. Бұл ереже «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасына енгізілді. Құжатты Сенат отырысында вице-министр Аманияз Ержанов таныстырды. Уақыт өте келе барлық әскери техника толықтай жаңғыртылып, елдің қорғаныс қабілетін нығайтпақ. Ал, бұған бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін вице-министр айтпай отыр.  

Аманияз ЕРЖАНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Барлығы біздің министрлікке ауыстырылып жатыр. Осы заңнаманың ішіндегі қабылданып жатқан статьялары бойынша. Бұрынғы бөлінген бюджет те толықтай бізге ауыстырылады. Ал, сомасын айта алмаймын, ол жабық тақырып.

А. Бектас