$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары жалғасты

AstanaTV
05.02.2019ж. 20:00
2694
Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары жалғасты

Атырау облысы Жылыой ауданы тұрғындарын экология мәселесі алаңдатады. Бүгін елді-мекен халқы мәжілісмендермен кездесуінде осы проблемаға назар аударуды сұрады. Депутаттар алдымен жергілікті мұнайшылармен кездесті. Олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Мұнан соң ауыл халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Оларды жұмыссыздық, жәрдемақы, мұнайлы өңірдегі экология алаңдатып отыр. Парламент өкілдері мәселелерді жоғары мінберден жеткізуге уәде етті.  

Бақытгүл ХАМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

Жылыой өңірінің халқының көтеріп отырған мәселесі экология жағдайы елдегі. Мынау қазір мұнай қалдықтарын - шлам өңдеу зауыттары өңірдегі, оны заңда тұрғыда қарап, зерделеп, оны депуттаттық сауалдарымызға арқау қылып, қала берді Үкімет сағаттарында біз бұл мәселелеріді кеңінен айтатын боламыз.

Ал, Қостанай облысына барған бір топ депутаттар «Астық индустриясы» агрохолдингінің жұмысымен танысты. Ел бойынша ең ірі мал бордақылайтын алаңның бүгінгі жетістігі олардың көңілінен шықты. Шаруашылықта цифрлы технологиялар кеңінен қолданылады. Бүгінде сиыр етін Ресей және Өзбекстанға экспорттап отыр.  

Т. Оспанбаева