Негізгі / Жаңалықтар / Жасотандықтар «Нұр Отан» партиясының «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында түрлі кездесу өткізді

Жасотандықтар «Нұр Отан» партиясының «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында түрлі кездесу өткізді

Батыс Қазақстан облысындағы жасотандықтар өңірге есімі кеңінен танылған еңбек ардагері Махамбет Абулхатинмен кездесті. Бұл шара «Нұр Отан» партиясының «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында қолға алынған. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек еткен ақсақал жастарға өмір жолында кездескен қиындықтары мен қызықтары туралы әңгімеледі. Қария еңбек етуде ештеңеден мойымай, табандылықпен алға ұмтылуға шақырады. Сонда ғана төккен тердің қайтарымы болатынын айтты. Ал, белсенді жастар болса, мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні жоғары деп отыр.  

Ерлік ШАМҒАЛИЕВ, «ЖАС ОТАН» ЖҚ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Жұмыс барысындағы қиындықтар болады ғой. Соны қандай жағдаяттармен шешуге болатынын, мысалы өзіміздің өткен аға буын өкілдері өзінің жұмыс барысындағы қиындықтарымен бөліседі. Соны қалай шешуге болады деген секілді ақыл-кеңестерін естіп білу арқылы өздерінің болашақта кездесетін қиындықтарының алдын алып, тығырықтан шығуға үлкен септігін тигізеді.

Ал, алматылық «Жас Отан» белсенділері қоғам қайраткері, әнші Сәкен Майғазиевпен кездесу ұйымдастырды. Биыл «Жастар жылы» болып жарияланғандықтан, елге танымал бүгінгі буын өкілдерімен жүздесуді жөн көрген. Қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Марат Жақсыбектің айтуынша, осы арқылы студенттердің бойында патриоттық сезім, елге деген сүйіспеншілікті ояту көзделген.   

Марат ЖАҚСЫБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАС ОТАН» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ: 

Жастардың бойына патриоттық сезім дарытамыз деген ойдамыз. Жастарға бір үлгі бола алатындай кісілерді шақырып, еліміздің ертеңіне, еліміздің дамуына зор үлесін қосады деп ойлаймын.

Т. Оспанбаева