Ауған-тәжік шекарасындағы күзет күшейтіледі. Өйткені, ДАИШ лаңкестерінің елге кіру қаупі туындаған. Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымының Бірлескен штаб басшысы Анатолий Сидоров осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ДАИШ-тың бір топ жауынгері Сириядағы сойқан операция басталғалы Ауғанстанға ағыла бастаған. Олар Тәжікстанмен шектесетін тұста шоғырланған көрінеді.