Димаш Құдайберген мұхит асып, Америка жұртшылығын да аузына қаратты. Лос-Анджелесте өтіп жатқан «The World's Best» таланттар байқауында жерлесіміз «SOS d'un terrien» әнін орындап, мүмкін болған 100 ұпайдың 98-н жинады. Негізгі 3 қазылар алқасы әншігі максималды баллды қойса, әртүрлі саладан жиналған қосымша 50 сарапшы 48 ұпай берді. Ал, байқаудың келесі кезеңіне өту үшін 75 ұпайдың өзі жеткілікті.
Дрю БЭРРИМОР, АКТРИСА:
Көзімді жұмып тұрып тыңдасам, онда 8-10 адам ән айтып жатыр деп ойлар едім. Сені бір мезетте әйгілі Queen-ге ұқсаттым, минут өте Паваротти ме дедім. Сене алар емеспін. Бір адамның бойында мұндай талант қалай сыйып жатыр?
Ру ПОЛ, АКТЕР:
Керемет талант! «The World's Best» байқауы сенің талантыңды әлем көруі үшін жасалғандай.
Ә. Өмірзақ