Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодар өңірінде үйлерінде қаза тапқан отбасы астан не ыстан уланған болуы мүмкін

AstanaTV
07.02.2019ж. 20:00
1621
Павлодар өңірінде үйлерінде қаза тапқан отбасы астан не ыстан уланған болуы мүмкін

Павлодар өңірінде үйлерінде қаза тапқан отбасы астан не ыстан уланған болуы мүмкін. Төтенше жағдай мамандары осындай болжам жасап отыр. Қазір 4 бірдей адамның неден өлгенін анықтау үшін зертханалық сараптама жасалып жатыр. Оқиға Баянауыл ауданындағы Ұзынбұлақ ауылында болған. Жақындары байланыссыз қалған туыстарын үйлеріне іздеп барған. 3 бөлмелі жер үйде тұрған отбасы төсектерінде өлі табылыпты. Ерлі-зайыпты 39-40 жаста болса, балалар 12,15 жаста болған. Келіншектің 5-ші баласына аяғы ауыр болғаны белгілі болып отыр.   

Асқарбек ОМАРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БІРЫҢҒАЙ ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Бұл жағдайдың неден болғаны қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп, анықталып жатыр. Ол тамақтан немесе ыс тиіп уланған болжам бойынша.

Қаза тапқан отбасының тағы екі баласы бар екені анықталды. Олар Баянауыл ауданындағы аграрлық-техникалық колледжде оқиды. Жергілікті әкімдік ата-анасынан айрылған қыздарға аудан орталығынан пәтер беру мәселесін қарастырып жатқан көрінеді. 

Ә. Мұхитқызы