$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ұлттық банк «Цеснабанк» клиенттері үшін қаржылық тұрақсыздық болмайтынын мәлімдейді

AstanaTV
07.02.2019ж. 20:00
2516
Ұлттық банк «Цеснабанк» клиенттері үшін қаржылық тұрақсыздық болмайтынын мәлімдейді

«Цеснабанк» банкротқа ұшыраған өзге банктердің кебін кимейді. Бүгін Ұлттық банк өкілдері қаржы инстиутының төңірегінде қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. «Цеснабанк» Ұлттық банктен қаржылық тұрақсыздықты жою үшін алған қарыздарын қайтарған. Өткен жылы тамыз айында бұл банк 150 млрд, сосын 200 млрд. теңге көлемінде қаражат алған болатын. Бір жыл мерзімге алынған қарыз мерзімінен бұрын қайтарылыпты. Десе де, банкті толықтай сауықтыру үшін оның бақылау акциясын сатуға тура келген. Бас банк өкілінің айтуынша, Үкімет пен Ұлттық Банк ақылдаса келе «Цеснабанкке» жаңа инвестор тарту арқылы капиталдандыруын және оның өтімділігін сақтап қалды.  

Данияр НҰРМАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАНКТЕРДІ ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

«Цеснабанк» өтімділігі жоғары активтердің елеулі қорына ие. Бұл банкке клиенттер мен кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, банк міндеттемелерінің көпшілігі банкті қорландырудың тұрақты базасымен қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді сипатқа ие.

Кеше «Цеснабанктің» негізгі активтерін «First Heartland Bank»-тің сатып алғаны туралы апарат тараған болатын. Қаржы инситутының директорлар кеңесін Назарбаев университетінің Президенті Шигео Катсу басқаратын болып шешілген. Келісім-шарт бойынша жаңа инвесторлар банкті сауықтырып, ары қарай жұмыс істеуі үшін 70 млрд. теңге көлемінде капитал құюға келіскен.  

Р. Асқарбекұлы