Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

АШМ 2019 жылы 40 мың тоннадан аса ет эксорттауды көздеп отыр

AstanaTV
07.02.2019ж. 20:00
2311
АШМ 2019 жылы 40 мың тоннадан аса ет эксорттауды көздеп отыр

Қазақстан биылдыққа 40 мың тоннадан аса ет экспорттауды жоспарлайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алқа мәжілісінде мәлім болды. Былтыр барлығы 33 мың тонна ет сыртқа саудаланған. Оның ішінде 20 мың тоннадайы сиыр еті. Бұл «Сыбаға» несиелеу бағдарламасы бойынша 600-ден астам ет фермерлері өнім бергеннің арқасында мүмкін болыпты. Сондай-ақ, 191 мың тонна құс еті өндірілді. Бұл көлем ішкі нарықты қамтуға да жетпейді. Қазіргі уақытта сырттан ең көп келетін осы құс еті. Биыл оны 230 мың тоннаға жеткізу көзделген. Ал, отандық өнімге деген сұранысты арттыру үшін Шөкеев тұтынушыларды тәрбиелеу керек деді.  

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:  

Бұл жерде тұрғындар арасында тәрбие жұмысы керек. Адамдар америкалық тауық сирақтары мен біздің жеңіл мұздатылған еттерді айыра білу керек. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымының квотасын жауып тастай алмайыз. Олар бәрібір біздің нарыққа саудалайды. Бұл жерде таңдау тек тұтынушылар еншісінде. Отандық өнімді танымал ететін маркетингтік жұмыстар қажет.

Министрліктің мақтанышы - былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда жұмыртқа экспорты екі есеге өскен. 600 млн дана. Биыл оны 1 млрдға жеткізбек. Шошқа еті бойынша да экспорт потенциалы жоғары. Фермерлер жылына 10 мың тонна сатуға дайын. Бірақ, нарық жоқ. Қазір олар Қытаймен келіссөз жүргізіп, жол ашуды өтініп жүр. Тіпті, тараптар келіссе Қытай өзі-ақ субсидиялайды дейді.  

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:  

Вот сейчас в Севернем Казахстане, в Караганде и в Талдыкоргане как только мы откроем китайский рынок будет большой прорыв по свинине. Пожалуйста, возьмите на контроль!

М. Дюсекина