Оралда
заңсыз спирттік ішімдіктердің саудасы бақылауға алынды. Жыл басынан бері заңсыз
сатылған жарты миллионға тарта шөлмек ішімдік тәркіленіпті. Қазір осы оқиға
бойынша 19 қылмыстық іс қозғалған. Еркін Карин тарқатады.
Оралдық
кәсіпкерлер арақ саудасының қатаң бақылауға алынғанына наразы. Енді олар
телефонына «Wipon Pro» қосымшасын орнатып, сатылатын ішімдік туралы мәліметті
тексеруге міндетті. Ал бұл қызметті қолданбағандар жауапқа тартылады.
Айгүл Түркина, кәсіпкер:
Бұл бағдарламаға жылына 8 мың теңге төлейміз. Әрі вай-фай орнатып, онлайн кассамен жұмыс істеу керек. Осылайша сауда нашарлап кетті. Егер жағдай өзгермесе, нарықта үлкен супермаркеттер мен көтерме сатып алушылар ғана қалады. Әрі ірі компаниялар мен шағын дүкендер төлейтін лицензиялық ақы бірдей - 100 АЕК.
Бір қызығы, өңірде арақ саудасын тікелей қадағалайтын орган жоқ. Бұл іс мемлекеттік кірістер департаментіне жүктелген. Мәселен, жыл басынан бері жарты миллион бөтелке ішімдік тәркіленген. Тексере келгенде алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 19 фактісі, алкоголь өнімдерін ілеспе құжаттарсыз сатқан 50 факт анықталып, белгісіз есептік бақылау маркалары жоқ 368 388 шөлмек айналымнан алынды.
Алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 19 фактісі алкоголь өнімдерін ілеспе құжаттарсыз сатқан 50 факті 368 388 шөлмек айналымнан алынды.
Тәркіленген өнімдер мына қоймада сақталады. Жыл басынан бері 76 сауда нүктесі тексеріліп, 200 мың литр арақ-шарап және коньяк тәркіленген. Бұлар заңды құжаттарсыз сатылыпты.
Жанғабыл Сағынов, БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
Бұл заң бұзған салық төлеушілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 214, 233-баптарымен 19 қылмыстық іс қозғалып, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 282, 283-баптарымен 83 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл материалдардың барлығы сотқа жолданып, сотпен қаралуда.
Еркін Карин, тілші:
Енді істі болған кәсіпкерлер жазасының ауырлығына қарай айыппұлмен құтылуы немесе өнімі тәркіленіп, лицензиясынан айрылуы да мүмкін.
Еркін
КАРИН