Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Еркін қоныс аудару... Әлемнің кез-келген елі құшақ жая қарсы алатын Димаш!

AstanaTV
09.02.2019ж. 20:00
3216
Еркін қоныс аудару... Әлемнің кез-келген елі құшақ жая қарсы алатын Димаш!

АҚШ-тың азаматтық және иммиграция жөніндегі қызметі (USCIS) алдағы 29 наурыздан бастап Мәскеудегі кеңсесін біржола жабатынын хабарлады.Құрама штаттарға кеткісі келетін ресейліктер 29 наурыздан бастап АҚШ азаматтығы мен иммиграциялық визасын алу үшін аталған кеңсенің Афинадағы бөлімшесіне өтініш бере алады. Ал 2018 жылдың алғашқы бес айында ІІМ елімізден басыбайлы көшетін 40 мыңдай адамның құжатын әзірлегенін айта кетейік. Әр түрлі себеппен екені түсінікті. Ығырды шығарып жіберген әділетсіздік пен теңсіздіктен шаршағандар бар екенін де білеміз. Ал әлемнің кез-келген еліне кез келген уақытта кедергісіз баратын өнер шеберлері... Америкада, Лос-Анджелесте басталған The World's Best шоуына қатысып жатқан Димаш Құдайбергеннің бірінші турда мүмкін 100 ұпайдың 98-ін жинағанын айтамын. Қазылар алқасының үшеуі де әншіге максималды баллды қойса, әртүрлі саладан жиналған 50 сарапшы 48 ұпай берді. Ал байқаудың келесі кезеңіне өту үшін 75 ұпайдың өзі жеткілікті етін.    

Дрю БЭРРИМОР, АКТРИСА:

Көзімді жұмып тұрып тыңдасам, онда 8-10 адам ән айтып жатыр деп ойлар едім. Сені бір мезетте әйгілі Queen-ге ұқсаттым, минут өте Паваротти ме?- дедім. Сене алар емеспін. Бір адамның бойына мұндай талант қалай сыйып жатыр?

Ру ПОЛ, АКТЕР:

Керемет талант! «The World's Best» байқауы сенің талантыңды әлем көруі үшін жасалғандай.