Негізгі / Жаңалықтар / Ақтау полицейлері жатырындағы баладан құтылған ананы іздестіріп жатыр

Ақтау полицейлері жатырындағы баладан құтылған ананы іздестіріп жатыр

Ақтау полицейлері жатырындағы баладан құтылған ананы іздестіріп жатыр. Эмбрион емхана аумағындағы құдықтан табылған. Құдықтағы ұрықты кәріз бекетінің жұмысшысы байқап қалған көрінеді. Ол дереу полиция басқармасына хабарлаған. Полицейлер «жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда әйел іздестіріліп жатыр.   

Айгерім ИБАТУЛЛАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:  

Кәріз сорғыш станциясында жетілмей қалған сәби табылғаны туралы Ақтау полиция басқармасына хабарлама түсті. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 100 бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне енгізілді.Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

З. Санай