Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Керекуде ескі лифттерді жаңартуға 50 млн теңге бөлінді

AstanaTV
12.02.2019ж. 20:00
2041
Керекуде ескі лифттерді жаңартуға 50 млн теңге бөлінді

Керекуде ескі лифттерді жаңартуға 50 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға апатты деп танылған 10 жеделсатыны ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясы хабарлады. Қаражатты тұрғындар бөліп төлеу арқылы кері қайтарады. Зейнеткер Болат Өтебаев 8-ші қабатта тұрады. Ол жеделсатының ескіргенін айтады. Аптасына бір рет істен шығып қалаты бар. Қария бірнеше рет лифте қамалып та қалған.  

Болат ӨТЕБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Бізде 92 жылдан лифті істеген. Осы үй салынды 92-де. Осы лифті жіберілген. Содан кейін бір ремонт істеген жоқ. 2 лифті, біреуі грузовой, біреуі пассажирский. Екеуі де жүрмейді. Айына 3-4 рет сынады. Біз жаяу жүреміз.

Жалпы, қалада 1 жарым мыңға жуық жеделсаты бар. Тұрғын-үй инспекциясы мамандары оның 1083-нің жарамдылық мерзімі 25 жылдан асып кеткен деп отыр. 10 лифт апатты жағдайда.  

Нұрлыбай НҰРПЕЙІСОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: 

Егер де, бастапқы бөлінген 50 млн. теңге қаражаттан жаңағы ауыстыру жұмыстары әрі қарай жалғасын табатын болса, ол қайтарымды ақшадан қайтадан жалғаса береді. Келесі жылға да, одан кейінгіге де.

Ә. Мұхитқызы